29 наурыз 2019 ж.

«Fincraft Resources» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

«Fincraft Resources» акционерлік қоғамының

акционерлеріне

«Fincraft Resources» акционерлік қоғамы

акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы

хабарлама


«Fincraft Resources» акционерлік қоғамы (мәтін бойынша бұдан әрі – «Қоғам») Қоғам акционерлерін Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылатын (Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 26 наурыздағы отырыс хаттамасы) Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (мәтін бойынша бұдан әрі – «Жиналыс») өтетіні туралы хабарландырады.

Атқарушы органның толық атауы – Басқарма,

атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй.

Жиналыс 2019 жылдың 29 сәуірінде Алматы уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй мекенжайы бойынша мәжіліс залында болып өтеді.

Акционерлерді тіркеу 2019 жылдың 29 сәуірінде 10 сағат 00 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін Жиналыс өтетін орында жүргізіледі.

Қоғам акционерлері Жиналысқа байланыс құралдарын пайдалана отырып, қашықтықтан қатысуға құқылы.

Жиналысқа байланыс құралдарын пайдалана отырып, қашықтықтан қатысуға тиісті өтінім Қоғам тарапынан info@fncr.kz электронды поштасына 2019 жылдың 22 сәуірінен бастап, акционерлердің Жиналыста тіркелуі басталғанға дейін қабылданатын болады.

Егер 2019 жылдың 29 сәуіріне 11 сағат 00 минутқа белгіленген Жиналыс қандай да бір себеппен белгіленген уақытта өтпесе, дәл сол күн тәртібімен екінші қайтара Жиналыс дәл сол мекенжай бойынша 2019 жылдың 30 сәуірінде Алматы уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта өткізілетін болады. Акционерлерді тіркеу 2019 жылдың 30 сәуірінде 10 сағат 00 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін Жиналыс өтетін орында жүргізіледі.

Қоғам Жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлер тізімі «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ тарапынан Қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінің деректері негізінде 2019 жылғы 19 сәуірдегі жай-күй бойынша жасалады.

 «Fincraft Resources» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

1. "Fincraft Resources" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2. "Fincraft Resources" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

3. "Fincraft Resources" АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттілік мерзімін анықтау туралы, оның мүшелерін сайлау, сонымен қатар Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеу және шығындарын өтеу мөлшері мен шарттарын анықтау.

Қоғам акционерлерін акционерлер жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдармен таныстыру тәртібі:

Қоғам акционерлері күн тәртібі материалдарымен Қоғамның кеңсежайында Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй мекенжайы бойынша таныса алады немесе материалдар жіберу үшін 8 (727) 2-777-111, ішкі 272, info@fncr.kz телефоны бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен және/немесе Қоғам жарғысымен белгіленген мерзімде сұраумен жүгіне алады.

Жиналысты өткізу тәртібі:

Жиналысты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, Қоғамның жарғысына және Қоғамның ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарға сәйкес немесе тікелей акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен анықталады.

Сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі және сырттай дауыс беруге арналған рәсім:

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері көзбе көз дауыс беру арқылы қабылданатын болады.

Жиналыс өткізуде сүйенетін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары:

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 35-37; 39-48; 50-52 баптары.


Құрметпен,

Басқарма төрағасы   

Е. Идрисов